НАЗАР САЛЫҢЫЗ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АРАСЫНДА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙМЫЗ

НАЗАР САЛЫҢЫЗ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АРАСЫНДА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙМЫЗ

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиаорталық» елдің нағыз патриоттарын іздейді!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске үлес қосқан белсенді азаматтарға қоғам алдында құрмет көрсетіп, марапаттағымыз келеді!

2023 жылдың 9 желтоқсаны – «Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні» біздің орталықтың ашылғанына 10 жыл болады, осыған орай, әдеттегідей, біз Қазақстанның барша патриотына қоғамның алғысын жеткізсек дейміз.

Сіздер көпсіздер және өздеріңіз жасаған ерліктің бәрін біз біле бермейміз, сондықтан сайысқа қатысқандарыңыз маңызды.

Егер сіз немесе сіздің жақын танысыңыз белсенді азаматтық ұстаным білдіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрсаңыздар, әділетсіздікке бей-жай қарамай, осы тақырыпқа қатысты өзекті мәселелерді көтерсеңіздер, ТОЛЫҚ МАҒЛҰМАТЫ БАР (фото, бейне және сюжет) өтінім қалдыруларыңызды сұраймыз, біз өзіміз хабарласамыз!?

Өтінім 2023 жылдың 20 қарашасына дейін қабылданады! 21 қарашадан бастап сауалнама толтыру тоқтатылады, байқау нәтижелерін Instagram желісіндегі тікелей эфирде хабарлаймыз.

Конкурс жеңімпаздарына 2023 жылдың 9 желтоқсанында Астана қаласында өтетін «Адал тұлға – 2023» марапаттау рәсіміне шақыру билеттері жіберіледі.

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScPqRgl0qR0reb4LxD1hHiPVvZJPX4tkU1ZRqQiXnXdaR0ppw/viewform?usp=sf_link