МЖӘ Орталығы мен   Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық РҚБ меморандумға қол қойды
12.08.2022
1 692 Просмотров

МЖӘ Орталығы мен Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық РҚБ меморандумға қол қойды

Келісімге МЖӘ Орталығының төрағасы Самат Сағындықов пен Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық төрағасы Руслан Асылбеков қол қойды. Меморандумның мақсаты Қазақстан Республикасы Президентінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын насихаттау және іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыру, оны тудыратын себептер мен жағдайларды жою болып табылады.

МЖӘ Орталығы сыбайлас жемқорлық мемлекетіміздің дамуына және 2050 жылға қарай ең дамыған 30 елдің қатарына ену үшін Мемлекет басшысы алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге негізгі қауіптердің бірін төндіреді   деген пікірді толығымен қолдайды; бұл ретте Қазақстан Республикасының Президенті Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күресте, сондай-ақ оның азаматтық қоғам институттарының, халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысуын арттыру, мемлекеттік басқарудың ашықтығын, жариялылығын қамтамасыз ету жөніндегі бастамаларын жан-жақты қолдайды.

Өзара ынтымақтастық туралы меморандум сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында өзара мүдделі ақпаратпен жедел алмасуды, жұмыс кеңестерін өткізуді, бірлескен бағдарламалар әзірлеуді, қойылған міндеттерді орындау үшін жұмыс топтарын құруды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік органдардың, бизнес пен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылының, әріптестіктерінің оңтайлы және тиімді жүйесін әзірлеуді көздейді.

http://kzppp.kz/news/kazcentr-gchp-i-pervyy-antikorrupcionnyy-media-centr-podpisali-memorandum-569

 

Вам также могут понравиться